Алматыда «Сағындырған әндер-ай» ән кеші өтті

АЛМАТЫ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше Алматыда «Майра» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен және «Қазақстан» телерадиокорпорациясының қолдауымен «Сағындырған әндер-ай» дәстүрлі ән кеші өтті.
None
None

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, аталмыш продюсерлік орталықтың жетекшісі, әнші Майра Ілиясованың бастамасымен бұл кеш осымен төртінші рет өтіп отыр.

Кеш барысында сағынышқа айнала бастаған халық әндері көптеп орындалды. Мәселен, Ақан Серінің «Маңмаңгер», «Шырмауық» сынды әндерімен қатар «Тарбағатай таулары», «Япыр-ай» және тағы басқа әндер көрермендерге таныстырылды.

Бұл ән кешінің ерекшелігі - сахнамызда бұрыннан өнер көрсетіп келе жатқан әншілердің жас таланттармен қосылып ән шырқауы болды.

Соңғы жаңалықтар