Алматыда сақалдылар байқауы өтті (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сақалдылар арасындағы «Брадо-Арт» әлем чемпионаты өтті.

Алматыда сақалдылар байқауы өтті (ФОТО)

Шара аясында Кончита Вурст пен Сүлеймен Сұлтан, Чак Норрис, Аль-Пачино образындағы сақалдылар шеруі ұйымдастырылды.

Интернет қауымның дауыс беруіне сәйкес Франция президентінің кеңесшісі сеньор Жан-Мари Камабасерестің образы үздік деп танылды.

«Ең батыл сақалды» - Леонид патша рөліндегі Никита Егоров, «ең ұсқынсыз сақалды» сақалсыз келген Мерей Әбдікәрімов, «көрермендер көзайымы»

Леонид патша образындағы Алина мен Сүлеймен сұлтан рөліндегі Тимурға берілді.

«Ең креативті сақалды» деп шейх образындағы Лола мен Кончита Вурст образындағы Камила танылды.

«Сақалды мачо» Алладин, «ең стильді сақалды» Мұрат Отарбаев, «ең жас сақалды» 4 жастағы Микаэль болды.

Алайда, жеңімпаздардың үштігіне үш қатысушы өтті.

1-орынға лайық деп танылған Станислав Кайдалов АҚШ-тың Остин қаласында жолдама алды. 2-орын иегері Тимур Ибишев Еуропаға сапар шегіп келетін болды.

3-орын мен 100 000 теңгелік сертификат Кончита Вурст образындағы Камилаға бұйырды.

Айта кету керек, барлығы байқауға 250 адам қатысуға ынта білдірген. Финалған олардың 25-і шақырылды.
null null null