Алматыда Сақтаған Бәйішевтің 100 жылдық мерейтойына арналған көрме ашылды
АЛМАТЫ. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражайында ғалым, мемлекет қайраткері, публицист, академик Сақтаған Бәйішевтің туғанына 100 жыл толуына арналған көрме ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрмеге оның жеке заттары, ғылыми еңбектері, алған сыйлықтары, құрмет грамоталары, ордендері мен медальдары, шәкірттерінің сыйлаған альбомдары, 80, 90 жасқа толғанда атап өтілген мерейтой шараларында түсірілген фото суреттер қойылған.
Бүгін бір топ ғалымдар, әріптестері мен шәкірттері осы көрмені көріп қайтты.
Көрме қазан айының 15-не дейін жалғасады