Алматыда сақтандыру компанияларының қаржысын жымқырғандар сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сақтандыру компанияларын сан соқтырып кеткен алаяқтарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Алматы қаласының №2 Медеу аудандың сотында У және Б есімді тұрғындарға қатысты қылмыстық іс қаралды. 2017 жылы У және Б «АСКО» АҚ СК, «Лондон-Алматы» АҚ СК, «КК ЗиМС «Интертич» АҚ, «Аманат» АҚ СК офистеріне барып, У-дың тарапынан сенімді-агент ретінде жұмысқа қабылдау туралы өтініш қалдырған. Осыдан кейін, аталған сақтандыру компаниялары сақтандыру келісімшарттарын жүргізу бойынша делдалдық қызметке У-мен арада келісімшарт жасасып, сенімхат берген. Сақтандыру компанияларының сенімді агенті атанған У сақтандыру бланкілерін және базаға ену кілт сөздерін қолға түсірген.

Қолына түскен құжаттарды ол Б-ға берген. Алғашқы кезде У мен Б агент жұмысын адал атқарып келген. Әр жасаған келісімшартқа 10 пайыздан пайда көріп отырған. Содан кейін, 2017 жылдың 26 сәуірінен бастап, 12 мамыры аралығында сотталушы У «АСКО» АҚ сақтандыру компаниясына 1 226 638 теңге, «Лондон-Алматы» АҚ-на 3 444 636 теңге, «КК ЗиМС «Интертич» АҚ сақтандыру компаниясына 6 949 627 теңге, «Аманат» АҚ СК-на 479 968 теңге көлеміндегі қаржыны тапсырмай, ірі көлемде шығын келтірген. Екеуі қаражатты тең бөлісіп алды деген болжам бар.

Сот үкімімен олар ҚР ҚК 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, жеке мүліктері тәркілене отырып 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оларға сақтандыру компаниясы саласында жұмыс істеуге шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар