Алматыда сақтандыру нарығының қаржылық қорытындысы мен даму келешегі талқыланады

АЛМАТЫ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/  - Алматыда ертең,  31 қаңтарда «Қазақстандағы сақтандыру нарығы: 2011 жылдың қорытындысы, нарықтың 2012 жылғы даму келешегі» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны болады.

Алматыда сақтандыру нарығының қаржылық қорытындысы мен даму келешегі талқыланады

Оны «Сақтандыру нарығы» журналы ұйымдастырып отыр. Талқылауға сақтандыру компаниялары мен зерттеу агенттіктерінің  топ менеджерлері, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы мен Ұлттық банктің өкілдері шақырылып отыр. Дөңгелек үстелде төмендегі тақырыптар бойынша әңгіме өрбімек:  «Қазақстандағы сақтандыру нарығы: 2011 жылдың қаржылық қорытындысы. 2011 жылғы трендтерге талдау», «Қазақстандағы  сақтандыру компанияларының сайттарына рэнкинг», «Сақтандыру компанияларының медиабелсенділігі, «Медиа-систем агенттігінің зерттеулері: 2009-201 жылдардағы медиабелсенділікке контент-талдау;  сақтандыру мәселесіндегі БАҚ-тың белсенділігі, 2009-2011 жылдардағы көшбасшылар рейтингі», «2012 жылғы сақтандыру нарығының даму келешегі».