Алматыда салааралық ынтымақтастық туралы дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "Орнықты даму үшін салааралық ынтымақтастық" деген тақырыпта дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда салааралық ынтымақтастық туралы дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр

"Бұл шара "Қазақстанда табиғатты қорғау бағдарламасын жасау мен жүзеге асыруға қоғамдық қатысудың әлеуетін потенциалын өсіру" деп аталатын жоба аясында өтіп жатыр. Оны Еуропалық Одақ қаржыландыруда. Дөңгелек үстел мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен ғылыми орта арасындағы орнықты дамудың салааралық тиімді ынтымақтастығына арналған", дейді EcoIDEA қоғамдық қорының Атқарушы директоры Салтанат Баймұрзанова. Оның айтуынша, мәжіліс кезінде бірлескен әрекеттің жоспары әзірленеді. Сондай-ақ арнайы ұйғарым қабылданады деп жоспарланып отыр. Жалпы "Қазақстанда табиғатты қорғау бағдарламасын жасау мен жүзеге асыруға қоғамдық қатысудың әлеуетін өсіру" жобасын жүзеге асыру 2008 жылы басталған болатын. Қазір Алматы, Астана қалалары мен Ақтөбе облысында Благодарный ауылдық округінде іске асырылуда.