Алматыда «Саламатты қала!» акциясы өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қалалық әкімдік пен Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Саламатты қала» акциясы өтіп жатыр.
Бұл шараның басты мақсаты - тұрғындардың назарын өз денсаулығына аударту арқылы тіркелген емханасынан тегін профилактикалық тексеруден өтуге шақыру. Ол Алатау ауданында - «Домиллион», Әуезов ауданында - «Спутник» пен «Меtro», Алмалы ауданында - «Максима» мен «Globus», Бостандық ауданында -«Променад» пен «Mega», Жетісу ауданында - «Магнум» мен «Рамстор», Медеу ауданында - «АЛМА» және Түрксіб ауданында - «Манго» сауда орталықтарында ұйымдастырылып отыр.