Алматыда «Салауатты өмір салты - ҚазҰАУ студенттерінің артықшылығы» атты спорттық сайыс өтуде
АЛМАТЫ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін ҚазҰАУ-дің жаңа спорт кешенінде бірінші курс студенттері арасындағы «Салауатты өмір салты - ҚазҰАУ студенттерінің артықшылығы» атты спорттық сайыстың бірінші кезеңі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарыс барысында жігіттер - 1000, қыздар 500 метрге жүгіріп, қол күрестіруден және футбол ойындарынан сынға түсті.
ҚазҰАУ - еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттер білім алып жатқан аграрлық саладағы жоғары оқу орны. Мұнда іштей және сырттай бөлімдерде 37 мамандық бойынша бакалавриат, сондай-ақ 38 магистратура мамандығына мемлекеттік лицензиясы бар.
Еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне мамандар даярлайтын университет құрылымында жеті факультет; Алматы аграрлық колледжі, төрт ғылыми-зерттеу институты, екі ғылыми орталық және «Агроуниверситет» оқу-тәжірибе шаруашылығы бар.