Алматыда «Сәлем көктем» деп аталатын қайырымдылық мерекесі өтеді

АЛМАТЫ. 23 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда ертең,  24 наурызда мүгедек балалар үшін «Сәлем көктем» деп аталатын қайырымдылық мерекесі болады.

Алматыда «Сәлем көктем» деп аталатын қайырымдылық мерекесі өтеді

 Оны «Мэри Кэй Қазақстан» компаниясының қызметкерлері мен Халықаралық әлеуметтік жобалар қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұл шараға  «ДОМ» қоғамдық қоры,  «Шекарасыз балалық» қоры, «Атамұра» балалардың бос уақытын өткізу орталығы, «Funky Town» шығармашыл жастарды қолдау орталығы, «Ametist» тобы мен «Бурда Алатау Пресс» баспа үйі қолдау көрсетуде. Онда  «Ametist» тобы, балалар оркестрі мен бірнеше би ұжымдары концерт қойып, балаларға мерекелік дастархан жайылмақ.