Алматыда салықшылар 500 мыңға жуық долларды қазынаға қайтарды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Экономикалық тергеу департаменті мамандары 540 750 АҚШ долларын мемлекет бюджетіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті осы қаражатты салық төлеуден жалтарған бірнеше компаниядан тәркіледі.
Бұл мекемелер ҚР Салық туралы заңнамасын бұзып, табыстарын жасырған.
Тексеруден соң қылмыстық іс сотқа беріліп, м екеме басшылары ҚР ҚК 245-бабының 3-бөлімі бойынша әр түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.