13:41, 09 Шілде 2009 | GMT +5
Алматыда салынып бітпей қалған құрылыс нысандарының орны көгалдандырылуда
rong> Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда салынып бітпей қалған 75 құрылыс нысанының орны халықтың демалыс орындары мен автотұрақтарға, балалар алаңына айналдырылды.Бүгін қала әкімдігі БАҚ өкілдерін аталған орындармен таныстырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл орындарға қонақүй, тұрғын үйлер салынуы керек болатын.Дағдарыс басталған соң олардың құрылысты аяқтауға шамасы жетпеді.Қоқыс орнына айналып биік дуалмен қоршалған бұл орындар қала көркін қашырып тұр.Қала әкімі Ахметжан Есімовтың бастамасымен дағдарыс аяқталып, жер иелері көзделген нысанды салғанға дейін бұл жерлер халыққа қажетті мәдени орынға айналдырылды», дейді Сұлтанбек Мәкежанов.
Оның айтуынша, бұл мақсатты жүзеге асыру үшін нысандарды қоршап тұрған 30,7 шақырымдық дуал алынып тасталған.Ал көгалдандыру қала әкімдігі мен жер иелерінің көмегімен жүзеге асырылуда.