Алматыда салынып жатқан әкімшілік орталық сот шешімімен бұзылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Экспериментальная көшесінің солтүстігі мен Ходжанов көшесінің шығысында салынып жатқан төрт қабатты әкімшілік ғимарат сот шешімімен бұзылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Алматы қаласы құрылысты бақылау басқармасының мәліметінше, нысан жоба эскизінсіз салынған, сонымен қатар бекітілген бас жоспардан ауытқулар тіркелген. Меншік иесі арасындағы сот процесі екі жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді.

«2020 жылдың 6 наурызында талап арыз Бостандық аудандық сотына жіберілді. Сот ұйғарымымен талап арыз қанағаттандырылып, Алматы қалалық сотының 2020 жылғы 16 қазандағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды. 2021 жылдың 13 мамырында мемлекеттік сот орындаушысы меншік иесіне сот шешімін ерікті түрде орындау туралы хабарлама жіберді. Алайда, бұл уақытқа дейін меншік иесі жер телімін басқа жеке тұлғаға сатып жіберген, осыған байланысты сот орындаушысы қаулыны орындаусыз қайтарған»,- деп хабарлады басқармадан.

Өз кезегінде, Қала құрылысын бақылау басқармасы жер телімін сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арызға бастамашы болды. 2022 жылыдың 27 қаңтарында сот шешімімен мәміле жарамсыз деп танылды. Сондай- ақ Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 27 сәуірдегі қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылды.

«Атқару парағы Алматы қаласы Әділет департаментіне 2022 жылдың 5 мамырында жолданған. Нысанды бұзу сол жылдың тамыз айына жоспарланған болатын. Алайда, сот орындаушысының әрекетіне шағымдануын ескере отырып, бұзу жұмыстары жүргізілмеген. Одан әрі жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты үшінші тұлға Алматы қалалық сотына бұзу туралы шешімге апелляциялық шағым түсірді. Алматы қалалық сотының шешімімен апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды», - делінген бақсқарма таратқан ақпаратта.

Бүгінгі күні орындау Алматы қаласы Әділет департаментінің өндірісінде, сот орындаушысымен нысанды бұзу мерзімі әлі белгіленген жоқ.


Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар