Алматыда салынып жатқан ғимарат өртенді
Алматы қаласы ТЖД-нің мәліметінше, 3 маусым күні сағат 13:55– те «101» пультіне Медеу ауданындағы Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 150 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.
« Өрт сөндіру бригадасы шұғыл түрде аталған мекенжайға жіберілді. Жалын салынып жатқан ғимараттан шыққан. Шұғыл жүргізілген шаралардың арқасында қызыл жалын сағат 14:14 - де ауыздықталды. Өрт аумағының көлемі анықталуда», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге барлығы 17 жеке құрам мүшесі мен 4 техника жұмылдырылған. Жалын толығымен өшірілді. Ғимараттың шатырында сондай-ақ газ баллоны жарылғаны анықталды.
Бұған дейін Алматыдағы Алмалы ауданы Назарбаев көшесі 43/1 мекенжайындағы дәмханадан өрт шыққандығы хабарланған болатын.
Тілісіз жауды ауыыздықтауға 20 өрт сөндіруші, 5 техника және газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 құрамы жұмылдырылды.