Алматыда салынып жатқан көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда салынып жатқан көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда салынып жатқан көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 10 қараша күні түскі сағат 14: 57 –де өрт сөндіру көліктері Бостандық ауданы, Абай даңғылы мен Қашғар көшесінің қиылысында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешеніне жіберілді.

«Оқиға орнына 4 минутта жеткен алғашқы бөлімше 9 қабатты ғимаратың 2-қабаты жанып жатқанын анықталды. Қабылданған шұғыл шаралардың арқасында өрт 15:07-де оқшауланып, 15:13-те толық сөндірілді»,- деді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін «Miracle» тұрғын үй кешені өртке оранғаны туралы жазған едік.