Алматыда «Самал» базары өртеніп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 4 желтоқсан күні Алматыдағы базарлардың бірінде сауда дүңгіршектері өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда «Самал» базары өртеніп жатыр

«4 желтоқсан, күндізгі сағат 13:03-те Алматы қалалық 101 диспетчерлік қызметіне Жетісу ауданы, Солтүстік шеңберде орналасқан «Самал» базарындағы «Сабыржан» спуремаркетіне жапсарлас салынған сауда орындарының өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.  Өрт сөндірушілер 13:16-да оқиға орнына келіп жетті. Олар қазір жалынды сөндіріп жатыр», - делінген ТЖК таратқан хабарламада.

Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.

Айта кету керек, бүгін түнде Алматы облысындағы «Ащыбұлақ» құрылыс базарында 43 контейнер жанып кеткен болатын.