Алматыда самбодан ТМД шекарашылары арасында чемпионат аяқталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шекара әскерлері қолбасшылығының кеңесі қолдауымен, Шекара қызметі және «Динамо» спорт қоғамымен бірлесе отырып, самбо күресінен ТМД мемлекеттерінің шекарашылары арасында чемпионат өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының баспасөз хатшысы Жанат Жабырбековтің айтуынша, 20-21 қыркүйек күндері өткен шекарашылар жарысына көршілеріміз: Ресей, Қырғыз Республикасы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік басқармаларына қарасты әскери бөлімдерден іріктелген спортшылар мен Шекара қызметі академиясының командалары қатысты. Бас-аяғы алты команда палуандары белдесті.

«ТМД шекарашыларының арасында бұл чемпионаттың жыл сайынғы салмағы артып келеді. Оны сайысқа қатысушы командалар санының артқанынан ғана емес, боз кілемге шыққан самбошылардың атақ дәрежесінен де байқауға болады. Атап айтқанда, биылғы жарысқа қатысушылардың арасында самбо күресінен әлемнің екі дүркін чемпионы, спорт шебері ресейлік Кургинян Эдуард, 5 - халықаралық спорт шебері,  20 - спорт шебері, 18 - спорт шеберіне үміткер, 5 - 1 дәрежелі спортшылар бар», - деді Жанат Жабырбеков.

Сайыстың ашылу салтанатында еліміздің әнұраны ойналды. Сонымен қатар, құрметті қонақтарға сөз ұсынылып, өз кезегінде оларда жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Бірінші болып тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Шекара әскерлері кеңесі қолбасшылығы төрағасының орынбасары генерал-майор Савенко Владимир Николаевичке сөз берілсе, одан кейін мінберге шыққан ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастығы полковник Поливанов Павел Константинович жарысқа қатысушыларды шын жүректен құттықтады.

Содан кейін сөз алған «Динамо» дене шынықтыру - спорт қоғамдық орталық спорт кеңесі басқармасының бастығы отставкадағы полковник Князев Николай Дмитриевичте өзінің жүрек жарды тілегін жеткізді.

Сегіз салмақ дәрежесінде өткізілген чемпионатта сегіз мәрте біріншілік тұғырынан көрінген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметінің құрама командасы қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Жалпы командалық есеп бойынша, бірінші орын алды. Екінші орын алған ресейлік самбошылар да намысты қолдан бермеді. Үшінші орынға тұрақтаған Қырғыз Республикасының Шекара қызметі бүгінгі жетісіктерін місе тұтты.

Жекелей сында мықтылығын дәлелдеген спортшылар жөнінде айтар болсақ, 57 келі салмақ дәрежесі бойынша бірінші орынды иеленген ресейлік Кононеко Андрей болса, 62 келі салмақта бірінші орын алған Нұриманов Ғалымжанның бұл ретте жолы болды. 68 келі салмақта алдына жан салмаған Абдраманов Нұрсұлтан да әріптестерінен ерекшелене білді. Ал 74 келі салмақта Қуанбаев Мейржанның мерейі үстем болды. 82 келі салмақта Сахан Абдіқасымның жолы оңынан туды. 90 келі салмақта өнер көрсеткен Шамшиев Саятта көпшіліктің көңілінен шығып биік тұғырынан көрінді.

 100 келі салмақта есе жіберіп алған Байбосынов Амангелді ғана осы салмақ бойынша екінші орын алды. Бірінші орынды ресейлік Баялиев Мовлади қанжығасына байлады. 100 келіден жоғары салмақта үшінші орынға тұрақтаған жерлесіміз Мужук Артем қола медальді місе тұтты.

Еске сала кетейік, ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының спорт залында самбо күресінен ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында шекаралық ведомствосының чемпионаты осыдан алты жыл бұрын, 2015 жылдың қазан айында өткен еді. 

Соңғы жаңалықтар