11:29, 29 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Алматыда сән индустриясы туралы семинар өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласындағы бірқатар кәсіпорындар Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл шара "Сән индустриясын дамыту" деп аталатын семинар аясында жүзеге асты.
"Қыркүйек айында Мәскеуде федералдық көрме өткен болатын. Оған "KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ-ның қолдауымен қазақстандық 6 компания қатысқан еді. Оның үшеуі сән байқауына қатысып қазылар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Атап айтқанда қазақстандықтар үздік балалар киімі коллекциясы үшін Бас жүлдені жеңіп алды", - дейді ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Любовь Худова. Халықаралық сән байқауының бейнежазбасын семинарға қатысушыларға тарту еткен Л. Худованың айтуынша, бұл Қазақстандағы сән индустриясының дамуына жаңа серпін бермек.