Алматыда «Санья күндері» өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Санья» күндері «Сұлу Санья, романтикалық ұсыныс» атты тақырыппен өзінің 2017 жылғы екінші аялдамасы ару Алматыда салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты Санья қаласын насихаттауды көздейді. Думанды концерттік қойылымдар іс-шараның шырайын аша түседі. Шараны ұйымдастырушылар, осындай Шоу концерттер арқылы Санья қаласының тропикалық табиғатын, толқынды теңізін, ұлттардың тоғысқан мәдениетін, алуан-алуан саяхат өнімдерін, халықаралық деңгейдегі сапалы қызмет көрсету мүмкіндігін паш етеді. Сонымен бірге, өзге де мүмкіндіктерді пайдаланып, қала құрылысы объектілері, көлік құралдары, туристік полиция және 12301 туристік байланыс желісін орнатады. Саяхатшылардың түрлі қажеттілігін қанағаттандырып, демалыстың сәтті, қауіпсіз болуына кепілдік береді. Мұның барлығы Саньяның халықаралық имиджін қалыптастырып қана қоймай, қауіпсіз туристік ортамен қамтамасыз етеді.
«Алаңсыз демалыс, қауіпсіз орта. Бұл дегеніңіз, Орта Азия туристерін Саньяға тартудың өнегелі жолы. Сондықтан, Орта Азия саяхатшыларын Қытайдың жалғыз тропикалық теңіз жағалауы болып саналатын Саньяға келуге шақырамыз. Саньяның дамуы ерекше турнистік ресурустермен тікелей байланысты. Туристік ресурстар қала дамуының маңызды тірегі саналады. Қазіргі таңда қаланы экологиялық тұрғыдан тазарту, қалпына келтіру жұмыстары негізінен аяқталды», - деді Фан Му мырза
Іс-шара аясында ұйымдастырылған концерттік бағдарламалар қала тұрғындары мен қатысты органдардың, туристік агенттіктердің қошеметіне бөленді. Алматыдағы Қытай консулдығының басшысы Лияу Хоң бо мырза, Қазақстан туристік агенттіктер қауымдастығының президенті Әсел Нұркебаева, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов іс-шараға арнайы келіп қатысты.
Мәліметтерге жүгінсек, Санья 26 елге визасыз тұрақтау саясатын жүзеге асыруда. Сондай-ақ, Халықаралық 20 әуе бағытын ашты. Оның ішінде, «Санья-Алматы» әуе бағытын атап айтуға болады. Аптасына 55 рет рейс жасау мүмкіндігіне ие «4 сағаттық, 8 сағаттық, 12 сағаттық» рейстің халықаралық дәрежедегі нарықтық шеңберін қалыптастыру - Саньяның алдағы маңызды жобаларының бірі.
Санья күндері ерекше қызу леппен өтті. Шара әмбебаптығымен көз тартады. Айталық, тамақтану орындары мен демалыс үйлер, ойын-сауықтық орталықтар бір жерге шоғырланып, адамға көңілді демалыс сыйлайды. Сауда дүкендері мен әртүрлі жарнамалық орындардың алдында халық иінтіресіп тұрды. Әсіресе, қытайлық ерекшелікке ие мата тігу, қытай медицинасы, ыстық патологиялық және басқа интерактивті ойын-сауық бағдарламалар халық қошеметіне ие болды. Санья туристік жолсерік кітапшалары аса жоғары сұраныспен сатылды. Шара барысында, мыңдаған қала тұрғындары Саньяға қызығушылқ танытып, ол туралы ақпарат алуға, мағлұматтар білуге құмартты. Солардың бірі, қала тұрғыны Айжан өз әсерімен бөлісті. Ол: «Саньяға бару менің көптен бергі арманым еді. Сол арманымды бүгінгі іс-шара тіптен алаулатты. Саньяның ғажайып табиғаты, тамаша мәдениеті, қарапайым халқы мені қызықтыра түсті. Осы шараның арқасында, менің осындай керемет жерге барып демалуға деген қызығушылығым еселене түсті» деді.
«Санья» күндері - Санья қаласын насихаттауға арналған арнайы шара. Бұл шара қазірге дейін Бангкок (Тайланд), Куала-Лумпур (Малайзия), Джакарта (Индонезия), Алматы (Қазақстан) сияқты ірі қалаларға табан тіреп, жұртшылықтың ықыласына бөленді. Қызықты шараның ендігі бағыты - Ресей, Ұлыбритания, Германия елдері болмақ. Іс-шара өзгеде мемелекеттердің ірі қалаларында ұйымдастырылады. Саньяның Халықаралық дәрежедегі бет-бейнесін қалыптастыру, беделін арттыру үшін түрлі туристік компаниялар мен тиісті орындар тартылмақ. Бұндай насихаттық шаралар өз жалғасын табады», дейді ұйымдастырушылар.