Алматыда Санжар Асфендияровтың 120 жылдығына арналған конференция өтеді

АЛМАТЫ. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қарашаның 17-сі күні Алматыда «Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің тұңғыш ректоры» деп аталатын   конференция өтеді,

Алматыда Санжар Асфендияровтың 120 жылдығына арналған конференция өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шараны ұйымдастырған  Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің Ахмет Байтұрсынов атындағы Алаш зиялыларының ғылыми-педагикалық мұрасын зерттеу орталығы.  Ол Санжар Жафарұлы Асфендияровтың 120 жылдығына арналып отыр.

Әйгілі мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, талантты ұйымдастырушы  Санжар Жафарұлы 1989 жылы өмірге келіп, 1938 жылы халық жауы ретінде өлім жазасына кесілген еді. КСРО Жоғарғы сотының шешімімен     1958  жылы мамырдың 27-де бұл айыптаудан толық ақталды. Санкт-Петербор әскери-медицина академиясының түлегі еңбек жолын Бірінші дүниежүзілік соғыста майданда әскери дәрігер боп бастады. Араб, ағылшын, француз, орыс тілдерін еркін меңгерген ол қазақ тарихына  қатысты әралуан ақпарат  көздеріне талдау жасады. Сондай-ақ Қазақ педагогика институтының ғана емес, бүгінде өз есімімен аталатын  Қазақтың ұлттық медицина университетінің де алғашқы ректоры болды.