Алматыда сапа менеджерлерінің V «TQM KAZ-2010» халықаралық форумы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "Сапа - бәсекелестікке жетудің кепілі" деген тақырыпта сапа менеджерлерінің V "TQM KAZ-2010" халықаралық форумы басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Қазақстанның Сапа менеджерлері мен аудиторларының халықаралық қауымдастығы, "AFAQ AFNOR" нормалар жөніндегі қауымдастығы (Франция), "InterCert" сертификаттау орталығы мен «Интерсерт Консалтинг» компаниялар тобы бірігіп ұйымдастырып отыр. Үш күндік бұл шара кезінде мәжілістер, дөңгелек үстел отырыстары, семинарлар, шеберлік дәрістері өтіп, "Сапа жөніндегі үздік менеджер -2010" байқауының қорытындысы жарияланады.

«Қазақстанда сапа менеджменті жүйесі сатылап енгізілуде. Қазіргі таңда оны енгізген кәсіпорындар саны 2,5 мыңға жуықтап қалды. Олардың ішінде соңғы 2 жылдың ішінде Алматы қаласы үздік шығып тұр. Сапа менеджменті жүйесін енгізген кәсіпорындар онда 325-тен 528-ге дейін ұлғайды. Олардың басым бөлігі құрылыс саласында жұмыс жасайды», дейді ҚазИнСТ» РМК-ның Оңтүстік филиалының директоры Галина Казанцева. Оның айтуынша, бұл форумға мемлекеттік ұйымдардың жетекшілері, сапа қызметтері, кәсіпкерлер және АҚШ, Нидерланды, Өзбекстан, Ресей, Үндістан және Чехия сияқты алыс-жақын шет елдердің сапа менеджменті саласындағы жетекші мамандары қатысуда.

Соңғы жаңалықтар