Алматыда сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Ұлттық ұланының әскери бөлімінің жауынгері әскерден қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбаз 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің рұқсатысыз кетіп қалған.

«9 тамыз күні кешкі сағат 21.30 шамасында 6654 әскери бөлімінен (Қаракемер) жауынгер Ердулет Сабыржанұлы рұқсатсыз шығып кеткен. Айта кетейік, қатардағы жауынгер 6655 әскери бөлімінен (Ақтөбе) оқуға келген. Ол 11 тамыз күні түнгі сағат 02.35 -те «Алтын Орда» (Алматы) базарының маңында ұсталды»,- деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Хабарламада атап өтілгендей, сарбаздың өз бетінше әскери бөлімнен кетіп қалуы әскери қызметпен байланысты емес.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қызметтік тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар