Алматыда «Сарыарқа» және «Момышұлы» метро бекеттері қашан толық іске қосылады

Видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Осыған орай, ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласы әкімдігіне ресми сауал жолдаған еді.
Әкімдіктің хабарлауынша, қазіргі уақытта мердігер ұйым «Момышұлы» метро бекетін іске қосу жұмысын жүргізіп жатыр.
«Метро бекеттің кіреберісін әрлеу материалдары дайын, әрлеу жұмыстары 15 сәуірге дейін аяқталады деп жоспарланды. « Сарыарқа» және «Момышұлы» метро бекеттері мамыр айының аяғына дейін толығымен іске қосылады»,- делінеді әкімдік жауабында.
Сондай-ақ, әкімдіктен хабарлағандай, енді салынатын «Қалқаман» және «Барлық» базарларының маңындағы метро бекеттерінде автотұрақ қарастырылған.
«Дегенмен, әрбір метро бекетінде автотұрақ салу мүмкін емес. Ал «Момышұлы» станциясы жанында шағын тұрақ бар. Болашақта Абай даңғылының солтүстігі мен Яссауи көшесінің шығыс жағы түйіскен жерде тұрақ аумағы жасалады»,- деп жауап берді қалалық әкімдіктен.