Алматыда сауда үйінің жертөлесінен өрт шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда «Жанна» жиһаз үйінің жертөлесінде өрт шығып, келушілердің барлығы сыртқа шығарылды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Алматыда сауда үйінің жертөлесінен өрт шықты

Оның айтуынша, өрт кеңсе техникасынан тұтанған. «Шұғыл хабарлама сағат 16.40-та түскен. Ғимарат іші қалың қою түтінге толып, өрт сөндірушілер барынша қауіпсіздік маскаларымен іштегі адамдардың бар- жоғын анықтап шықты. Нәтижесінде 70 адам сыртқа шығарылды. Өрт 17.00-де өшірілді», - деді ол.

Тілсіз жау салдарынан жапа шеккендер жоқ.