Алматыда сауда желілері қанша шығынға батты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сауда желілері одағы Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезіндегі ретейлердің шығындарына қатысты алдын ала мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда сауда желілері қанша шығынға батты

«Ретейлердің нақты шығыны қанша екендін нақтылау әзірше қиын. Есептеу, нақтылау қажет», - деді одақ мүшесі Дмитрий Шишкин.

Оның дерегінше, сауда желілерінің шығындарына қатысты алдын ала мәліметтер мынадай:

Magnum, Magnum Cash&Carry ЖШС – жалпы 23 дүкен бүлінді. Оның ішінде 12 дүкен тоналып, 13-і зақымданды. Алдына ала жалпы шығын шамамен 8,5 млрд теңгені (ҚҚС-ты қосқанда 10 млрд теңге) құрайды.

Технодом, Technodom Operator ЖШС – Алматы мен Талдықорғанда 14 дүкен зардап шекті. Шығын – 5,5 млрд теңге.

Sulpak, Arena S ЖШС - Алматыда 11 дүкен тоналды. Шығын - 5,14 млрд теңге

Gulser Computers, Alser ЖШС –Алматыдағы 7 дүкен 1 млрд теңге зардап шекті.

«Спортмастер Қазақстан» ЖШС, «Остин» ЖШС – Орал, Алматы және Шымкетте 20-25 дүкен бүлінді. Келтірілген шығын 3 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Mon Amie – Алматыда 8 дүкеніне шабуыл жасалды. Шығын есептеліп жатыр.

Интертоп, Эврика - шығын 50 млн теңге шамасында.

Алсер - шығын 1,5 млрд теңге.

ТОО K&K GmbH, Kimex/Gracie - Алматыда 11 дүкені бүлінді, шығын - 1 млрд теңге.