Алматыда сәуір айында күн райы қалай болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сәуір айының ортасында +30°С-ға дейін ыстық қутіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, бұл айда ауа райының орташа температурасы +11°С болады.
«Алғашқы онкүндіктің басында ауа райының түнде +1+6°С-ден 0,-5°С-ге лейін, күндіз +12+17°С-ден +7+12°С-ге дейін тербелуі күтіледі. Кейін ауа райының түнде -5-10°С дейін, күндіз +5+10°С дейін төмендеуі күтіледі. Онкүндіктің ең соңында ауа райының түнде 0,+5°С дейін, күндіз +13+18°С дейін жоғарылауы күтіледі.
Екінші және үшінші онкүндіктің басында ауа райының түнде +10+15°С дейін, күндіз +25+30°С дейін жоғарылауы болжанады»,- деп хабарлады Қазгидрометте.
Сондай-ақ, бір айда жауын-шашын мөлшері 105 мм болады деп күтілуде.
«Бір ай бойы жаңбыр, 5-10 м/с жел, бірінші онкүндіктің соңында жаңбыр, қар аралас жауын-шашын, көктайғақ жиі болады деп күтіледі. Айдың басында және соңында тұман күтіледі. Найзағай, бұршақ айдың ортасы мен соңында болуы мүмкін», - деді метеорологтар.