Алматыда сәуірдің 24-і күні "Қазақстан фокусте" фотография байқауының қорытындысы жарияланады,

АЛМАТЫ. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда сәуірдің 24-і күні "Қазақстан фокусте" фотография байқауының қорытындысы жарияланады,

 Алматыда сәуірдің 24-і күні "Қазақстан фокусте" фотография байқауының қорытындысы жарияланады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жеңімпаздардың есімі "Artfoglio" өнер салоны мен PinPix.kz бірігіп ұйымдастырған "Қазақстан фокусте" фото көрмесінің ашылу рәсімінде жарияланады. Қазнеттің Pinpix.kz жобасы бойынша өткен бұл байқау қаңтардың 18-і мен сәуірдің 15-і аралығында өткен болатын. Оған 600-ден астам үміткер 1200-ге жуық фото туындысын жіберген еді. "Қырғызстан Журналистер одағының" бас директоры Владислав Ушаков бастаған қазылар алқасы ең үздік деп тапқан 50 фотография енді Artfoglio галереясындағы фото көрмеге қойылып отыр. Ол сәуірдің 24-інен мамырдың 1-іне дейін созылмақ. Оған Epson және "Бахус" компаниялары демеушілік жасады.