Алматыда «Саяхат» автобекеті маңынан жаңа емхана салынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Жетісу ауданында жаңа емхана салынады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде аудан әкімі Гүлнар Көкебаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Саяхат» автобекеті маңынан жаңа емхана салынады

Кездесу барысында қала тұрғыны емханаға жету қиын екенін, сондықтан жақын жерден емхана салып беруді сұрады.

«Біз «Саяхат» жақта тұрамыз. Біздің бекітілген №2 емханаға жету қиын, себебі, ол бізден алыс жерде орналасқан. Оның үстіне біз жақта көп қарт адамдар мен көпбалалы отбасылар тұрады. Сізден емхананы бізге жақын ауданда салып беруіңізді сұраймын»,- деді қала тұрғыны.

Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева ауданда жаңа емхананың жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатқанын айтты.

«Біз Сидоркин, 14 мекенжайынан ғимарат сатып алдық. Жыл соңына қарай жобалық-сметалық құжатты әзірлеу жұмыстары аяқталып, сараптамадан шығады. Келесі жылы күрделі жөндеу жұмыстарын бастағалы отырмыз. Мүмкін 2024 жылдың басында емхана ашамыз», - деді Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева.