Алматыда саяжайдағы үйде болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты

АСТАНА. Қарашаның 14-і. ҚазАқпарат - Алматыда саяжайдағы үйде болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты,

Алматыда саяжайдағы үйде болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 
 
Министрліктің деректеріне қарағанда, жұма күні түнде «Родник» саяжай қоғамы аумағындағы үйлердің бірі өрт құшағына оранған. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында белгісіз азаматтың денесі табылған.

Өрт таңғы сағат 05:07-де ҚР ТЖМ-нің Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен сөндірілді. Оған жеке құрамның 5 маманы мен 1 техникасы тартылды.