Алматыда сайлау барысын 3 мыңнан астам жергілікті байқаушы қадағалап отыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сайлау барысын 3 мыңнан астам жергілікті байқаушы қадағалап отыр. Бұл туралы баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Саясаттанушы, тарихшы, саяси белсенді Талғат Жанысбайдың сөзінше, қоғамдық бақылаушылардың басты мақсаты – жастардың сайлау процесіне қатысу белсенділігін, олардың саяси сауатын арттыру.

Айтуынша, мегаполисте сайлау барысын 3 мыңнан астам жергілікті байқаушы қадағалап отыр.

Тәуелсіз байқаушылар 531 сайлау учаскесін қамтыды. Осы сағатқа дейін сайлау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.

«Біз тәуелсіз бақылаушы ретінде бірінші рет шығып отырған жоқпыз. Биыл әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы бүкіл белсенділерді командамызға қосылуға ашық түрде шақырдық. Бүгінгі сайлау – ел болашағын айқындайтын оқиға», – деді Талғат Жанысбай.

«Ел ертеңі» бірлестігінің құрамындағы әрбір байқаушы сайлауға бір ай қалғанда сайлау заңнамасын, азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу формалары мен әдістерін, сондай-ақ сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қандай жауапкершілік көзделетінін біліп, зерттеді.

Блогер, журналист Анастасия Ульченко қала тұрғындарын күн аяқталғанша сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге шақырды.

«Тәуелсіз байқаушы болған себебім - сайлау барысына күмәнмен қарайтын адамдарға әділдік бар екенін, сайлаудың қалай өтетінін көрсету болды», - деді блогер.


Соңғы жаңалықтар