Алматыда Сайран жағасындағы «көңілді» отырыстан соң шомылуға бет алған ер адам үйіне оралмады

АЛМАТЫ. 22 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда кеше кешқұрым шамамен сағат 8-де Сайран көлінің шығыс жағалауында 1967 жылы туған ер адам батып кетті.

Алматыда Сайран жағасындағы «көңілді» отырыстан соң шомылуға бет алған ер адам үйіне оралмады

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Достарымен бірге көлдің жағасында демалған ол ащы суды сіміріп алып шомылуға бет алған. Бірақ сол күй оралмады. Ер адамды судан құтқарушылар шығарды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен еш нәтиже шыққан жоқ.