Алматыда сегіз жасар бала жоғалып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сегіз жастағы балаға іздеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда сегіз жасар бала жоғалып кетті

Оқушының жоғалғаны туралы ақпаратты әлеуметтік желіге волонтерлер жариялады.

Гүлнар Агееваның айтуынша, 20 қазанға қараған түні ата-анасы ұйықтап жатқанда бала үйден кетіп қалған.

«Бала үстіне қара спорт шалбарын, аю бейнеленген сұр жемпір және қара-жасыл камуфляж өрнегі бар күрте киген. Бойы - 140 см, дене бітімі орташа» делінген хабарламада.

Оның Наурызбай батыр, 26/1 (Мақатаев бұрышы) мекенжайындағы үйден шыққаны белгілі болды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бала әлі табылған жоқ. Іздеу шаралары жүргізіліп жатыр.