Алматыда Сектадан сақтан" деген жиын өтіп жатыр
Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Дін істері бөлімінің меңгерушісі Тыныштық Мырзаев, Уағыз-насихат бөлімінің қызметкері Асылбек Ноғаев және университеттің студенттері мен оқытушылары қатысуда.
"Жастарымыздың бойында діни сенімді қалыптастыру қоғамдағы көкейкесті мәселенің бірі. Өйткені дін - өткір, әрі нәзік мәселе. Жастарымыздың дінге бет бұрғанына қуансақ та, олардың әр түрлі дінге тартушылардың жетегіне еріп кетуі алаңдатады. Кейбір отбасы мүшелері әр түрлі дінге кіргендіктен, әкесі бір жақта, шешесі бір жақта, балалары бөлек-бөлек кетіп, шаңырақтары ортасына түскендері де аз емес. Олар өздерінің адасқандарын бірден ұғына алмай қалады", - дейді жоғары оқу орнының жұртшылықпен байланыс қызметінің маманы Әлия Асмағұлова. Оның айтуынша, мұндай жағдайлар әсіресе жастардың ортасында қатты толқушылық тудыратыны сөзсіз. Кейбір теріс ағымның өкілдері олардың бастарын айналдырып: «Күнделікті өмір қажет емес, бұл жалған өмір. Жұмыс істеу, әскерге бару, қажетсіз оқу керек емес, деген теріс пікір қалыптастыруда. Сол себепті бүгінгі шара жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.