Алматыда «Семей-Невада» қозғалысының 20 жылдығына арналған шара өтті
АЛМАТЫ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы / - Бүгін Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде (ҚазҰАУ) «Невада-Семей» қозғалысының 20 жылдығына арналған шара өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Шара барысында қозғалыс жетекшісі Олжас Сүлейменовтің қатысуымен «Семей -Невада» қозғалысының белсенді 2 мүшесі - Владимир Николаев пен Хамил Марғұланға ҚазҰАУ-дың құрметті профессоры атағы мен қозғалыстың белсенді 13 мүшесіне «Невада-Семей» қозғалысына 20» алтын медалі табыс етілді.
Сондай-ақ қозғалыстың 20 жылдығына арналып өткізілген волейбол жарысының қорытындысы шығарылды. Республиканың әр аймағынан 8 команда қатысқан сайыста Оңтүстікқазақстандық «Ардагер» тобы 1-ші, Алматы облысының «Жетісу» тобы 2-ші, Олжас Сүлейменов бастаған ҚазҰАУ тобы 3-ші орынды иеленген. Бүгінгі шара барысында оларға Олжас Сүлейменов арнайы сыйлықтар тапсырды. Бұнымен қатар қозғалыс мүшелерінің ҚазҰАУ оқытушы-профессорлар құрамымен кездесуі өтті.