Алматыда Серік Әбдірайымұлын еске алу көрмесі өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Д.Қонаев мұражай-үйінде  «Серік Әбдірайымұлын еске алу көрмесі» ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         «Бұл шара Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына арналған «Қонаевтың әріптестері бағдарламасы»  аясында ұйымдастырылып отыр. Мақсат - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Д.Ахметұлының әріптес інісінің өнегелі ісін жастарға үлгі ету», дейді Д. Қонаев мұражай-үйінің директоры Болысбек Батталханов. Мұражайдың ашылуына атсалысқан, көркемдік кеңесінің мүшесі ретінде оның  өсіп-өркендеуіне өлшеусіз  үлес қосқан жазушы, баспагер, ұстаз, публицист  С. Әбдірайымұлы жақында  66 жасында  дүниеден озған болатын.  Ол «Бес мүшел белесінде» көркем эсселер кітабының, «Нұрғиса», «Қазақстандықтар - Брест қаһармандары» деректі фильмдерінің, Д. А. Қонаев туралы «Елу жыл ел ағасы», «Личность», «Қаһарман - Нұрғиса» жинақтарының авторы. Сондай-ақ Д. Ахметұлының «Өтті дәурен осылай», «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітаптарының әдеби нұсқасын жазды. Аудармашы ретінде Орхан Кемал, Әзиз Незин, Расул Ғамзатов, Пауль Кусберг, Борис Васильевтың және  тағы басқа да    көптеген шетелдік жазушылардың шығармаларын қазақша сөйлетті.

Соңғы жаңалықтар