Алматыда Севара Назарханның концерті өтеді

АСТАНА. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Әлемге танымал әнші Севара Назарханның концерті 23 наурыз күні Алматыдағы Студенттер сарайында өтеді. Бұл туралы концертті ұйымдастыру комитеті хабарлады.

Алматыда Севара Назарханның концерті өтеді

Бұл өнер кеші талантты әншінің алматылықтарға Наурыз мерекесіне орай ән-шашуы болмақ.

Севара - шын мәніндегі әлемдік деңгейдегі өнер жұлдызы. 2000 жылы Ташкент консерваториясының жас түлегі даңқты ағылшын музыканты Питер Гэрриэльдің көзіне түсті. Өзбек әншісінің талантын жоғары бағалаған Питер оны өзінің Realworld Records студиясына жеке дискісін жазуға шақырды. . Yol Bolsin альбомы 2002 шықты - оның музыкалық продюсері танымал француз музыканты және продюсері Гектор Зазу. Альбомды еуропалық музыка сыншылары жоғары бағалады. Бұдан кейін Севара мен Гэбриэль осы альбоммен бірлескен концерттік турне өткізіп, Еуропа, АҚШ және Кнаданың миллиондаған көрермендерін тамсандырды. 2004 жылы Севера Назархан BBC World Music Award беделді наградасына ие болды.

Оның келесі SEN альбомы орыс музыканттары мен ақындарының ортасына кіргізді. «Сондай жеңіл» деп аталатын альбомына Борис Гребенщиков, Карен Кавалерян, Сергей Михалок, Вадим Степанцов, Катерина Файн және Николай Якимчук мәтін жазды. Ал Алла Пугачеваның «Алла таланттарды іздейді» атты конкурсында примадоннаның Алтын жұлдызымен марапатталды. 2012 жылдың соңғында Брінші арнаның «Дауыс» супер-жобасына қатысып Интернетте, теле- және радиоэфирде жиі көріне бастады.

Севараның Алматыдағы алдағы концерті әншінің қазақстандық сахнадағы алғашқы көрінуі емес. Ол бұған дейін Батырхан Шөкеновтің шығармашылық кешінде онымен бірге ән салған болатын.