Алматыда Ш. Серіков атындағы спорттық бағыттағы демалыс орны ашылды

АЛМАТЫ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы «Динамо» стадионында Олимпиада ойындарының чемпионы Шәміл Серіков атындағы спорттық бағыттағы демалыс орны салтанатты түрде ашылды.
None
None

Бұл орталықтың ашылуна Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарманың қолдауымен Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры мұрындық болған. Айта кетейік, жоба ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Ш.Серіковтың 55 жылдығына орай жүзеге асырылды.

Спорттық бағытта қызмет атқаратын бұл орталықта грек-рим күресі, жұдырықтасу, дзюдо, футбол сияқты спорт түрлерінен белсенді жұмыс жүргізілмек.

Салтанатты шара барысында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Талғат Абайұлы Тимур Серіковке аталған орталықтың директоры деген куәлікті табыстады.

«Бүгін Қазақстан халқы үшін қуанышты жағдай. Бұл орталықтан елімізді әлемге танытатын чемпиондар шығады деген сенімдемін», -дейді Кеңес Одағының спорт шебері Жақсыбай Бәзілбаев.

Ш. Серіков грек-рим күресінен спорт шебері атағын алған тұлғалардың бірі. Ол грек-рим күресінен екі дүркін әлем чемпионы, Еуропа және олимпиадалық ойындар чемпионы атанған. Спортшы тірі болғанда биыл 55 жасқа толар еді.

Соңғы жаңалықтар