Алматыда шағын футболдан Б. Ахметовты еске алуға арналған жарыс өтеді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыдағы Орталық стадионының жабық манежінде шағын футболдан Балбек Ахметовты еске алуға арналған жарыс өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетелік, өрт сөндіру қызметкері, ішкі қызмет сержанты Балбек Ахметов өрт сөндіру кезінде қаза тапқан болатын. Осыдан 19 жыл бұрын өрт сөндіру көлігі төтенше оқиғаға шақырту алады. Құрылыс алаңында кранның үйшігінен өрт шыққан. Өрт сөндірушелерге санаулы секунд ішінде оң шешім қабылдау қажет болды. Сол уақытта Б.Ахметов жылдам баспа арқылы көтеріліп, өртті лезде сөндірді. Бірақ осы сәтте баспалдақ төмен сырғып кетіп, Балбек 29 метр биіктіктен қазаншұңқыр ішіне құлайды. Оны еске алу мақсатында ұйымдастырылатын жарысқа Алматыдағы құтқару мекемелерінің қызметкерлерінен құралған 16 команда қатысады.
Соңғы жаңалықтар