14:03, 10 Шілде 2010 | GMT +5
Алматыда шағын футболдан дәстүрлі «Бизнес лига «КАЗКА-2010» турнирі өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін Алматыдағы «Дельфин» спорт кешенінде шағын футболдан дәстүрлі «Бизнес лига «КАЗКА-2010» турнирі басталды.

Шараға бизнес өкілдерінің 20-ға жуық командасы қатысуда. Олардың қатарында қазақстандық кәсіпкерлердің «ҚАЗКА» қауымдастығы, Астана қаласының «Сарыарқа» қауымдастығы, «ҚазЭнерджи» қауымдастығы, «ҚазТрансГаз» АҚ, «АЛПРОФ» алюминий өнімдерін өндірушілер консорциумының өкілдері бар. Шараны қазақстандық кәсіпкерлердің «ҚАЗКА» қауымдастығы ұйымдастырған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараны өткізудегі басты мақсат - бизнес қауымдастық өкілдері арасында өзара әріптестік орнату, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау.