Алматыда шағын футболдан “Сат” компаниясының кубогы үшін бұқаралық ақпарат құралдары арасында турнир өтті

АЛМАТЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 27-28 наурыз күндері шағын футболдан "Сат" компаниясының кубогы үшін бұқаралық ақпарат құралдары арасында турнир өтті.

Алматыда шағын футболдан “Сат” компаниясының кубогы үшін бұқаралық ақпарат құралдары арасында  турнир өтті

12 команда қатысқан бұл байрақты бәсекенің ақтық сынында "Алматы" мен "Хабар" телеарналарының аяқдопшылары кездесті. Қарсыластар қақпасынан ойынның ақырғы минуттарында ғана саңылау тапқан хабарлықтар биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған аталмыш турнирдің жеңімпазы атанды. Ал үшінші орынды "СТВ" телеарнасын 2:0 есебімен ұтқан "Алматы-спорт" командасы иеленді.