Алматыда шағын футболдан тұңғыш өтетін УЕФА Кубогында алғашқы үштіктен көрінуге тырысамыз - Қ.Оразбеков

АЛМАТЫ. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Сәуірдің 29 мен 1-ші мамыр аралығында Алматыда шағын футболдан тұңғыш өтетін УЕФА Кубогында алғашқы үштіктен көрінуге тырысамыз.

Алматыда шағын футболдан тұңғыш өтетін УЕФА Кубогында алғашқы үштіктен көрінуге тырысамыз -  Қ.Оразбеков

Бұл жайында бүгін «Қайрат» ШФК-ның президенті Қайрат Оразбеков баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл Кубокты Қазақстанда өткізуге еліміздің спортшыларының жемісті ойындары әсер еткен. «29-шы сәуір күні ширек финалда біздің команда португалдық «Спортинг» клубымен сынға түседі. Егер оны ұтсақ, алға жылжып, Кубокты өз отанымызда қалдыруға мүмкіндік болады», -дейді Қ.Оразбеков.

Жиын барысында танымал әнші Нұрлан Абдуллин қазақстандықтарды «Қайраттың» УЕФА Кубогы финалында жеңіске жетуі үшін оған қолдау көрсетуге шақырды. «Мұндай шараның Алматыда өткізілуі өте керемет! Осыдан аз уақыт бұрын мұндайды елесетете алмаған едім. Ал енді сүйікті футбол клубымыздың халықаралық біріншіліктердегі беделінің, жеңістерінің арқасында УЕФА финалын біздің елде өткізу туралы шешім қабылданып отыр», -дейді әнші.