Алматыда шахматтан халықаралық турнир өтеді

АЛМАТЫ. 6 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматыда 8-10 қараша аралығында шахматтан дәстүрлі халықаралық «Алматы қаласы шахматшылар одағы президентінің кубогі» турнирі өтеді.

Алматыда шахматтан халықаралық турнир өтеді

Шахматшылар сайысы «Алматы қаласы шахматшылар одағының» ұйымдастыруымен «Дебют» шахмат клубында болады. Оған еліміздің жетекші шахматшылары мен шахматтан Республиканың ерлер және әйелдер құрамалары қатысады. Сондай-ақ, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия шахматшылары келеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, бұл айтулы додаға алдын ала іріктеуден өткен 10 мектеп оқушысы да қатысатын болады. Олардың қатарында 8-14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпиондары Әбдімәлік Жансая мен Динара Сәдуақасовалар бар. Турнирдің құрметті қатысушысы ҰОС ардагері, Александр Невский орденінің иегері А. Скалковский болып отыр.