Алматыда шахматтан қала чемпионаты өтті

АЛМАТЫ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда шахматтан дәстүрлі қала чемпионаты өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқушылар сарайында болған байрақты бәсекеге биыл 100-ден астам спортшы қатысты. Мәселен, онда тек қыздар арасында 8 жасқа дейінгілерден - 22, 10 жасқа дейінгілерден - 5, 12 жасқа дейінгілерден - 22, 14 жасқа дейінгілерден ? 18, 18 жасқа дейінгілерден 4 шахматшы бақ сынады. Жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топқа бөлініп бір аптадан астам уақыт бойы өзара күш сынасқан оларға Борис Котоломов пен Сергей Ким төрелік жасады. Тартысты өткен сайыста Мұхит Исмайлов (14 жасқа дейін), Ким Тимур (16 жасқа дейін), Даяна Шаңғараева (16 жасқа дейін) Дәуренбек Шманов (18 жасқа дейін) сияқты спортшылар үздік шығып, қала чемпионы атанды.
Соңғы жаңалықтар