Алматыда «Шәкәрім» қойылымының тұсаукесері өтті

АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының репертуары «Шәкәрім» драма-диалогымен толықты. 
None
None

Оның қоюшы-режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ә. Рахимов,  қоюшы-суретшісі - М. Сапаров, композиторы - Б. Дәлденбай.

Қойылымда басты рөлдерді ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Б. Тұрыс (Шәкәрім), А.Сейітметов (Қарасартов) және  Т.Сағынтаев (Халитов), Н.Әбілов (Әупіш), Р.Сеңкебаев (Матақов) сияқты өзге де актерлар сомдайды.

Онда Шәкәрім - «Адам қолымен жасалатын алапат апат келе жатқандай»,  деп қазақтың басына төніп келе жатқан қауіпті ерте сезіп-біліп  отырады. Большевиктердің қанқұйлы саясатын көріп-біліп отырса да   «ақиқатты айтқан адамға өлім қауіпті емес» деп қара басының қамын күйттеп жайлы орын іздеп, елден безуден бас тартып, өлімді қасқайып қарсы алады. НКВД тергеушілері де сталиндік қырғынның жоғарыдан түскен нұсқау бойынша жүзеге асқанын мойындап, бір-біріне «менің міндетім әшкерелеу, сенің міндетің мойындату» дейді. Олар өтірік жаламен елдің көкірегі ояу, көзі ашық азаматтарын қара басының қамы үшін қуғын-сүргінге түсіріп, зорлық-зомбылық көрсеткенін «партияның саясатымен» ақтауға тырысады.

Соңғы жаңалықтар