Алматыда «Шәкен жұлдыздары» халықаралық кинофестивалі өтеді

АЛМАТЫ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Мамырдың 14-16 күндері Алматыда дәстүрлі «Шәкен жұлдыздары» халықаралық кинофестивалі өтеді,

Алматыда «Шәкен жұлдыздары» халықаралық кинофестивалі өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат кинофестивальдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жастар шығармашылығына қолдау көрсету, олардың кәсіби деңгейлерінің дамуына жағдай жасау мақсатымен өткізілетін фестивальдің ұйымдастыру комитетіне биылғы жылы 30 мемлекеттен 240 өтініш келіп түскен. Оның 35-і іріктеліп аланып, фестивальге «Дебют», «Жастар киносы», «Халықаралық панорама», «Ақпараттық көрсетілім» аталымдары бойынша қатыстырылмақ. Бұлардың 5-і қазақстандық фильмдер. Фестивальге кинорежиссер, сценарист, педагог Ираклий Квирикадзе, ресейлік кинорежиссер, сценаристер мен кинорежиссерлардың жоғарғы курсының ректоры Андрей Герасимов, белгілі режиссер, кинодраматург Ермек Тұрсынов әділқазылық етеді. Фестиваль аясында Ұлы жеңістің 65 жылдығы мен Асқар Бәпішевті еске алуға кинокөрсетілімдер болады. Биылғы шараға қонақ ретінде Ресей киносының жұлдыздары Наталья Варлей, Эвклид Кюрдзидис, Влади́мир Епифа́нцев, Анастасия Веденскаялар қатысады.