Алматыда Шаляпин көшесінің бойында орташа жөндеу жұмыстары басталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Шаляпин көшесінің 4 шақырымы орташа жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда Шаляпин көшесінің бойында орташа жөндеу жұмыстары басталады

Алматыда жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындысына сәйкес, биылғы жоспарға Шаляпин көшесінің Береговой көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі ұзындығы 4 шақырым бөлігін қосу туралы шешім қабылданған.

«Жөндеу жұмыстарын 31 тамызға дейін аяқтау жоспарланған. 18 тамыз сағат 23:00-ден 20 тамыз сағат 06:00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Шаляпин көшесінің Әшімов көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен уақытша шектеледі», - делінеді Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Жол жөндеу жұмыстары туралы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшалары, Almaty_Joly телеграм арнасында (https://t.me/AlmatyJoly), сондай-ақ, 2 GIS және Яндекс карта қосымшаларында жазылған.
Әкімдікте, сондай-ақ, қала тұрғындарын көлікпен жүретін бағытты алдын ала жоспарлап алуды сұрады.