Алматыда «Шенеунікке SMS жолда» акциясы басталды
АЛМАТЫ. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Шенеунікке SMS жолда» акциясы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Вечерний Алматы» газеті мен «КаР-Тел» ЖШС ұйымдастырып отыр. Желтоқсанның 1-не дейін созылатын бұл шара кезінде абоненттер ешқандай кезексіз, үйден шықпай-ақ шенеуніктерге өз сауалдарын жолдай алады. Бұл үшін олар аты-жөнін жазып, өздерін толғандырған мәселе жөніндегі сауалын 988 нөміріне жіберуі қажет. Оған мемлекеттік органдардың құзырлы уәкілдері жауап беретін болады. Қызықты сауалдар мен олардың жауаптары газет бетінде де жарияланбақ.
«Жалпы бұған дейін мұндай шара Павлодар, Өскемен, Қарағанды және Талдықорған қалаларында да өткен болатын. Бастама халық пен билік арасында сындарлы сұхбат құруға бағытталған. Оған Beeline техникалық қолдау көрсетуде», дейді «КаР-Тел» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс қызметінің жетекшісі Павел Родин.