Алматыда шетелдегі футуристік дендрарий үлгісімен жаңа нысан салынады

«Арборетумың жалпы ауданы 57 гектар болуы керек. Біз бұл жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп жатырмыз. Ғылыми мамандармен бірлесе отырып, суару жүйесін және инженерлік желілерді жүргізу үшін көшкін баурайына ағаш отырғызу мәселесін пысықтап жатырмыз. Жоба шілде айында сараптамадан өтеді деп жоспарлап отырмыз», - деді басқарма басшысының орынбасары Ұлан Абдулдаев.
Оның айтуынша, инвесторлар әл-Фараби арқылы өтетін жаңа саябақ аймағын Ботаникалық бақпен байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі жобасын әзірлеп жатыр. Бұл жоба да биыл жазда сараптамадан өтеді.
Еске сала кетейік, 2021 жылдың сәуір айында Жасыл экономика басқармасының басшысы Алматыда әл-Фараби төбесіндегі жаңа саябақ пен рекреациялық аймақ - арборетум пайда болатынын айтқан болатын. Ол Қытай, Ұлыбритания және Австралиядағы футуристік дендрарий үлгісі бойынша жобаланады.
Фото: Алматы қ. әкімдігі