16:58, 05 Қазан 2012 | GMT +5
Алматыда шетелдегі қазақтар туралы кітап жәрмеңкесі ашылды
АЛМАТЫ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Орталық ғылыми кітапханасымен бірігіп Алматыда «Қазақстан және шетелдегі қазақтар» аты кітап жәрмеңкесін ашты.

Аталмыш шара биылғы жылдың 12 қазанында өтетін «Этникалық қазақтарды Қазақстанға репатриациялау мемлекеттік көші-қон саясатының құрамдас бөлігі ретінде: жетістіктер, проблемалар және оларды шешу жолдары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының аясында өткізілуде.
Көрмеде конференция қатысушыларының ғылыми еңбектері мен Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының басылымдары қойылған.