Алматыда шетелдік әйелді итеріп, құлатқан полицей жұмысынан босатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді итеріп, жерге құлатқан полицей жұмысынан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда шетелдік әйелді итеріп, құлатқан полицей жұмысынан босатылды

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшысы сабырсыздық танытып, іс-әрекетімен қоғамда наразылық тудырды. Салдарынан полиция қызметкерлері сынға қалды.

«Тәртіп бұзған қызметкер 14 маусым күні жұмыстан шығарылды. Ол полицей органда ұзақ жұмыс істемеді», – деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін оның видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Кейін қалалық полиция департаменті видеоға қатысты қызметтік тексеру басталғанын мәлім еткен еді.