Алматыда шетелдіктерге интим қызмет көрсететін бар анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда шетелдіктерге интим қызмет көрсететін караоке-бар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда шетелдіктерге интим қызмет көрсететін бар анықталды

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ғимаратта шетелдіктерге интим қызмет көрсетілген. Тексеру кезінде жеңіл жүрісті 18 әйел келушілердің көңілін аулаған.Олардың екеуі – Оңтүстік Кореядан және тағы біреуі – Өзбекстаннан.

Караоке -бардағы жезөкешелер клиенттерге құпия сөз арқылы интим қызмет көрсеткен.

Бар шәй-кофе жүйесі бойынша жұмыс істейді. Егер клиент «шәй» алғысы келсе, демек, бар қызметкерлері ақшалай сыйақы үшін олардың демалыстары біткенше қасында серіктес болады. Ал «кофе»,- деген караоке-бардан тыс жерде ақшалай сыйақы үшін интим қызметтерді көрсетуді білдіреді.

«Мекемені екі әкімші басқарды – 1989 жылы туған Ц.есімді азаматша мен 1987 жылы туған С. атты әйел. Арнайы іс-шараның нәтижесінде Полиция департаментіне екі әкімші,интимдік қызмет көрсететін 18 әйел мен үш шетелдік азамат жеткізілді. Әрқайсысының іс-әрекетіне заңды баға беріліп, соған сәйкес шаралар қолданылады», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.